"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі

@muz_coll_pvl

  • 01.jpg
  • 02.jpg
  • 03.jpg
  • 04.jpg
  • 05.jpg
  • 08.jpg
  • 09.jpg
  • 10.jpg
  • 11.jpg
  • 12.jpg
  • 13.jpg
  • 14.jpg
3009964
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1303
4627
6705
2977162
12808
96548
3009964

Сіздің IP: 44.211.24.175
Уақыт: 2024-11-05 16:25:59

Басшы

  • Published on Friday, 24 January 2020 12:28
  • Written by Administrator
  • Hits: 15276

Сыздыков Серик Касымханович
Біліктілігі мен білімі: Астана каласы Қазақ Ұлттық музыка Академиясы, «Дәстүрлі музыкалық өнер, концерттік орындаушы, оркестр әртісі, оқытушы».
Санаты:
жоғары
Еңбек өтілі:
Жалпы- 18
Педагогикалық- 18
Наградалары, атағы, оқу атағы мен дәрежесі:
Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамотасы, ҚР Президенті Н: Ә.Назарбаевтың алғыс хаты 
Байланыс тел./факс:
8(7182)55-47-17
Мекенжайы:
Торайғыров көшесі, 67
Жұмысы туралы ақпарат:
1999 жылы Астана қаласының Қазақ Ұлттық музыка Академиясына оқуға түсіп, 2003 жылы «Дәстүрлі музыкалық өнер, концерттік орындаушы, оркестр әртісі, оқытушы» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіреді. Оқуды еңбек қызметімен сабақтастыра отырып, ол 2000 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «Қоңырқаз» ансамблінің құрамында жұмыс істейді, ансамбль жетекшісі белгілі сазгер Секен Тұрысбеков.
2001 жылы конкурс негізінде Республикалық Ұлттық Гвардияның Президенттік оркестрінің «Нұр» халық ансамбліне «дауыстар концертмейстері» ретінде қабылданады.
2004 жылы «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет бөлімінің» ұсынысымен Екібастұз қаласының Солнечный кентіне көшіп келіп, еңбек жолын «Мақпал» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі қызметінде жалғастырды. Осы жылы көктемде аталмыш мәдениет мекемесінің директоры болып тағайындалды. С.К.Сыздыков кенттің қоғамдық өміріне белсенді атсалысып, әлеуметтік және мәдени саласының дамуына өз үлесін қосты. «Мақпал» мәдениет үйінің ұжымы оның басқаруымен белгілі жетістіктерге жетіп, 2007 жылы Павлодар облысының «Үздік Мәдениет Үйі» атағына ие болды.
2009 жылы конкурстық комиссияның шешімімен М.Глинка атындағы балалар музыка мектебі КҚМК директоры лауазымына тағайындалды. Балалар музыка мектебінің ұжымы оқу-тәрбие, ағартушылық үрдісінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Мектеп конкурстық қызметте халықаралық және республикалық деңгейлердегі үздік көрсеткіштерге ие. Мектеп білім, әлеуметтік қорғау мекемелерімен, қайырымдылық қорларымен және мәдениет ошақтарымен бірлесе отырып кең көлемде ағартушылық-үгіт насихат жұмыстарын жүргізеді.
С. К. Сыздыков  музыка мектебінің жаңа ғимаратын жобалау мен құрылысында белсенді ат салысты. С.К Сыздыков «Нур Отан» партиясының мүшесі. V –ші шақырылымның Екібастұз қадалық мәслихатының депутаты. Екібастұз қаласы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі. Екібастұз қаласы әкімінің алғыс хаты мен құрмет мадақнамасымен, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен және Қазақ Ұлттық өнер универститеті Ректорының Алғыс хатымен марапатталған. Құрманғазы атындағы V Халықаралық байқауының лауреаты, «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, Т.Момбеков атындағы арнайы жүлденің иегері, Р. Омаров атындағы аймақтық байқаудың Гран-при иегері. Екібастұз қаласы, Солнечный кентіне 30-жыл төсбелгісімен және «Екібастұздың болашағы үшін» ҚБ медалімен марапатталған.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Астана қаласында және 2003 жылы Мәскеу қаласында өткізілген Ресейдегі Қазақстан жылы аясындағы Үкіметтік деңгейдегі салтанаттық іс-шараларға қатысқан.
Отбасылы, 2 ұл 1 қыз тәрбиелеп отыр.

Ремонт квартир Частные Мастера

Honda Accord одиннадцатого поколения - https://honda-accord.com

Недвижимость, как правильно выбрать comintour.net

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі.
Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.