Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары (мектеп)
- Category: Нұсқаулық
- Published on Friday, 24 November 2023 06:03
- Written by Administrator
- Hits: 12871
-


Нұрпейіс Нұрлан Талдыбекұлы
Біліктілігі:ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесі, Петропавл қаласы – 2008 жыл. Ішкі әскерлерде командирк-тактикалық «Басқару жүйесінің маманы» мамандығы бойынша үздік диплом.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, Астана қаласы – 2020 жыл. «Әскери істегі менеджмент».
Санаты:
Жұмыс өтілі:
Жалпы: 24 жыл
Педагогикалық: 20 жыл
Марапаттары, атағы, оқу атағы мен дәрежесі: Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі
Әскери шені запастағы подполковник
Байланыс телефоны: 535946
Мекен-жайы: Бектұров көшесі, 1
Жұмыс туралы мәліметтер:
2002 және 2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан қатарында әскери қызмет атқарды.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап Павлодар қаласы ШЖҚ КМК «Ақпараттық технологиялар колледжі» педагог-алғашқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы, «Сұңқар» әскери-патриоттық клубының жетекшісі қызметін атқарды.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап Павлодар қаласы ШЖҚ КМК «Ақпараттық технологиялар колледжі» «Бағдарламалық қамтамасыз ету» бөлімшесінің меңгерушісі, педагог-алғашқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы, «Сұңқар» әскери-патриоттық клубының жетекшісі қызметін атқарды.
2025 жылдың 20 желтоқсанынан бастап конкурс негізінде «Музыкалық коллеж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ басшысының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Жетістіктері мен марапаттары
2023 жылдың маусым айында Нұрпейіс Н.Т. Павлодар облыстық алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушы мұғалімдер арасында өткен сайыста І орынға ие болып, «Үздік АӘД оқытушы – ұйымдастырушы» атанды және Павлодар облысы Білім беру басқармасының 1-ші дәрежелі дипломымен марапатталды.
2023 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасның тәуелсіздігіне арналған «Өрлеу» Республикалық педагогикалық шеберлікті дамыту орталығы ұйымдастырған «Мен – тәуелсіз елдің патриотымын» атты онлайн конкурста І орынды иеленіп, Республикалық «Өрлеу» ПШДО 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
2024 жылдың ақпан айында Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Халық Қаһарманы, бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай әскери жетекшілері арасында өткізілген ХІІІ Республикалық турнирге қатысып, 1-ші орынды иеленді. «Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін» медалімен және Қорғаныс министрі орынбасарының 1-ші дәрежелі дипломымен марапатталды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы әскери жетекшілер арасындағы «Жыл үздігі» республикалық номинациясының 1 орын иегері атанды.
Одан басқа, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Отан патриоты» медальдарымен, «Ішкі істер министрлігінің үздігі», ІІ дәрежелі «Қайсар» - «Ішкі әскерлерінің үздігі», «Батыс құрамасының үздігі», ІІ дәрежелі «Ұлттық ұланның үздігі», «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін», ІІ дәрежелі «Спортшы-жауынгер» төс белгілерімен марапатталған.