Басшысының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары

Даурен Болатович Куанов
Біліктілігімен білімі: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, музыка мұғалімі, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы.
Санаты: жоғары
Жұмыс өтілі:
жалпы– 6
Педагогикалық – 6
Марапаттары, атағы, оқу атағы мен дәрежесі:
Байланыс тел.: 8(7182)20-70-35
Мекенжайы: Бектұров к-сі, 2  415 каб. (4 қабат )
Жұмысы туралы мәлімет:

Даурен Болатович Куанов Павлодар облысының Кенжекөл ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын Павлодар облысы қалалық мәдениет сарайының қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі болып бастады. Өзінің орындаушылық қабілетін концерттік-орындаушылық қызметпен белсенді айналыса отырып дамытады.
2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2017 жылдың 25 мамырына дейін «Құрманғазы ат. №1 балалар музыкалық мектебі» МКҚК – де домбыра сыныбының мұғалімі және домбыра ансамблінің жетекшісі болып жұмыс істеді. Қазіргі заманғы білім беру технологияларын меңгерген және оларды тәжірибелік кәсіби қызметте қолдана біледі.
Сабақтары әдістемелік негізділігімен, жоғары білім деңгейімен, сабақтың мақсатын айқын орнатумен ерекшеленіп, сынып оқушыларына сайыстарда жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді:
- Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «ART OLIMPIA» Халықаралық фестиваль-байқауы - домбырашылар ансамблі І орын (2014ж.);
- Жас музыканттардың 15 қалалық байқауы - І орын Сайдағали Әнел, ІІ орын Кәрғожа Арай (2015 ж.)
- Жас музыканттардың 49 облыстық байқауы – ІІ орын Сайдағали Әнел, ІІІ орын Кәрғожа Арай (2015 ж.)
Жаңа әдістемелерді меңгеру бойынша білімін әдістемелік әзірлемелер мен бөлімде ашық сабақтар өткізу арқылы жалпылайды:
- «Ноталарды парақтан жылдам оқуды меңгеру» (2012 ж.)
- «К.Ахмедияров күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері» (2013 ж.)
Өзінің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша жұмыс істейді. С. Торайғыров ат. ПМУ-да «Өнер саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының негіздері» атты біліктілікті арттыру курсын өтті (2014 ж.).
Грамоталары мен алғыс хаттары бар:
-Тәттімбет Қазанғапұлының 200-жылдығына арналған жас музыканттардың 49 облыстық байқауына лауреаттарды дайындағаны үшін грамота (2015 ж.)
- Тәттімбет Қазанғапұлының 200-жылдығына арналған жас музыканттардың 15 қалалық байқауына лауреаттарды дайындағаны үшін грамота (2015 ж.)
Өз сыныптағы балалардың мектептің әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларына қатысуын ұйымдастырады: төменгі сынып домбырашылар конкурсы (2012 ж.)
Қалалық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымдастырған іс-шараларға қатысады.
Өзінің кәсіби және зияткерлік деңгейін, музыкалық білім беру және тәрбиелеу мәселелеріндегі құзыреттілігін арттыру мақсатында «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ қазақ халық аспаптар бөлімі оқытушыларының сабақтарына қатысты – Н.Н. Ғабдуллина және Т. Б. Каримов. Өзін талапты педагог және сауатты маман ретінде көрсетті. Сабақта оқушылардың адамгершілік және рухани дамуына қолайлы жағдай жасайды, қазақ халық аспаптарына қызығушылық танытуға ықпал етеді.

Ремонт квартир Частные Мастера

Honda Accord одиннадцатого поколения - https://honda-accord.com

Недвижимость, как правильно выбрать comintour.net

FaLang translation system by Faboba