"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі

@muz_coll_pvl

  • 01.jpg
  • 02.jpg
  • 03.jpg
  • 04.jpg
  • 05.jpg
  • 08.jpg
  • 09.jpg
  • 10.jpg
  • 11.jpg
  • 12.jpg
  • 13.jpg
  • 14.jpg
2484034
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2227
1462
9277
2463958
32629
70385
2484034

Сіздің IP: 3.15.4.244
Уақыт: 2024-04-19 22:02:47

Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары (мектеп)

  • Category: Нұсқаулық
  • Published on Friday, 24 November 2023 06:03
  • Written by Administrator
  • Hits: 464

Ермекова Галия Тагаровна
Біліктілігі: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. 
Санаты:Жоғары
Жұмыс өтілі:
Жалпы: - 17 жыл 5 ай
Педагогикалық: - 5 жыл
Марапаттары, атағы, оқу атағы мен дәрежесі:
Байланыс телефоны: 535946
Мекен-жайы: Бектұров көшесі, 1
Жұмыс туралы мәліметтер:
2018 жылы М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында әдіскер және қосымша білім беру педагогы ретінде педагогикалық қызметін бастады. Балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін «Қосымша білім беру педагогтерінің қызметін әдістемелік сүйемелдеу» біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Жетістіктері:
• «Үздік әдістемелік жұмыс» Білім беру қызметкерлерінің халықаралық конкурсының 1 дәрежелі лауреаты дипломы;
• ҚР бойынша «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының Алғыс хаты;
• ЮНИСЕФ халықаралық еріктілер желісінің сертификаты;
• «Қазақ тілі» пәні бойынша Республикалық олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін Алматы қаласының» конкурстар, конференциялар, олимпиадалар орталығының алғыс хаты.
Заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін жақсы меңгерген, оларды практикада тиімді қолданады, қазіргі заманғы білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келетін білім мен дағдылар қоры бар.
Өз қызметінің кез келген бағытында шығармашылықтың, белсенділіктің жоғары дәрежесін көрсетеді. Алдына қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асырады. Іскерлік қасиеттерге ие. Үнемі кәсіби өсуге ұмтылады. Басымдықтарды дұрыс белгілейді. Жағдайды талдауға және тәуелсіз шешімдер қабылдауға қабілетті. Ұжымды ұйымдастыра алады. Мәдениетті, адамгершілік қасиеттерге ие, ерекше адалдығымен, жоғары жауапкершілік сезімімен ерекшеленеді.

Вокал мектебінің жетекшісі

  • Category: Нұсқаулық
  • Published on Friday, 24 January 2020 12:44
  • Written by Administrator
  • Hits: 13668

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Абай ат. МТБА солисті, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның профессоры, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, Халықаралық шығармашылық академиясының "Құрмет және "Слава" ордендерінің ковалері, Мәскеу қаласы, Павлодар облысының құрметті азаматы.

Танымал әнші, вокалдық лириканың тамаша интерпретаторын Шахимардан Әбіловтің аты тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар оның шекарасынан тыс жерлерде кеңінен танымал. Бүгін Ш.Әбілов - біздің республикамыздың музыкалық мәдениетінде ерекше орын алатын әнші. Әнші өнерде өзін тапты, өзінің шығармашылық көрінісін тапты. Әншінің шығармашылығының шыңы болып Абайдың өлеңдеріне камералық-вокалдық шығармалар орындау болды. Керемет пианист Сергей Костевичпен бірге орындаған бұл туындылар 1991 жылы Мәскеу қаласында лазерлік дискке жазылған. Сондай-ақ, Е. Рахмадиев, Т. Мұхамеджанов, М.Сағатов, Б. Аманжолов секілді Қазақстан композиторлары Абайдың өлеңдеріне жазылған өздерінің вокалдық туындыларын Ш. ӘбіловтІң орындауына арнап шығарғаны кездейсоқ емес.
Тыңдаушылардың есінде әлемдік камералық-вокалдық классиктердің үздік үлгілерін орындаған концерттер қалды. Әнші репертуарында Чайковский, Рахманинов, Малер, Шуберт, Шуман, Массне, Брамс романстары бар. Ш.Әбілов - Абай атындағы МТОБА солисті. Орындайтын партиялары: Абай - «Абай» А. Жұбанов және Л.Хамиди; Бұхар жырау - «Абылай хан» Е. Рахмадиев; Брусиловскийдің «Ер Тарғыны»; Дж. Верди - Риголетто, Амонасро, Жермон, Граф ди луна; Эскамильо - «Кармен» Ж.Бизе; Грязнаяның – «Царская невеста» Н.Римский-Корсакованың; Эбн Хакиа – «Иоланта» П.Чайковский.
Ш. Әбілов өзінің әншілік мансабын педагогикалық қызметімен табысты ұштастырады. 1990 жылдан бастап 1997 жылға дейін вокал-хор факультетінің деканы,1997 жылдан бастап вокал өнерінің кафедрасының құрметті меңгерушісі. 40-тан астам студент мен 20 аспирантты даярлап шығарды, оның ішінде 20-ға жуық түрлі халықаралық конкурстардың лауреаттары:
Мәскеуде Глинка ат. 23 конкурстың 1 сыйлық лауреаты – М. Чотабаев, Архангельскте Глинка ат. 20 конкурстың ІІ сыйлық лауреаты – Т. Мусабаев, сонымен қатар Халықаралық конкурстардың лауреаттары: Д.Хамзина, Ж.Габдуллина, Э.Сакавов, Е.Шагаров, Д. Садвакасов және басқалары.
10 студент Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері болды. Ш. Әбілов - қоғам қайраткері, көптеген халықаралық конкурстарда қазылар алқасының мүшесі: Финляндия, Италия, Швеция және Австрияда «Искусство ХХI века», «Янтарный соловей» Калининградта, «Международная Русская романсиада» Мәскеуде, Казаньда Р. Яхина ат. камералық әншілер конкурсы, «З.Исмагилов ат. Халықаралық конкурс» Уфада, Киевте опера орындаушыларының конкурсы, Арменияда «Возрождение» Халықаралық конкурс-фестивалі. Ш.Әбілов тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ ТМД және шет елдерде шеберлік сабақтарын жүргізеді.2003 жылдан бастап Павлодар қаласында жыл сайын «Шахимардан достар шақырады» опералық-балет өнерінің халықаралық фестивалі өтеді. 2011 жылы «Балалардың дауысын қорғау» атты Вокалдық өнер академиясын ашты (Павлодар, арнайы мектеп (музыкалық колледж)).

2013 жылдан бастап Павлодар қаласында жыл сайын «Шахимардан Әбілов» жүлдесіне аймақаралық балалар фестивалін өткізеді.
Оның халықаралық танылуы Лондондағы концерт болды, онда ол Барбикан-холле Корольдік камералық оркестрімен өнер көрсетті. Би-Би-Си тілшісінің сөзі бойынша «Лондон қаласының орталығында, XI ғасырдағы шіркеуде концерт қойып, қалада ең танымал жұлдыздардың келуіне үйренген осындай аудиторияны жинау үшін - бұл теңдесі жоқ оқиға». «Бейбітшілік ісі үшін» БҰҰ-ның сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Осман Тюркай концерт туралы берген сұхбатында: «Бұл Қазақстанның ұлттық және халықаралық құндылықтарының шексіз өсиеті болып табылады».
Парижде Плейель, Винченцо, Берлине, Тель-Авиве беделді залдарында, Ресей композиторлар одағы мен П.И. Чайковский ат. консерваторияның кіші залында өткен Ш. Әбіловтің өнер көрсетулері тамаша өтті. Әртістің гастрольдік тізіміне Лондон, Париж, Тель-Авив, Хельсинки, Венеция, Вена, Стокгольм, Берлин, Москва, Стамбул, Анкара, Улан-Удэ, Киев, Минск, Вильнюс, Таллин, Ташкент, Бишкек, Уфа, Баку, Казань, Сеул, Токио, Хиросима және ТМД басқа қалалары кіреді.

Мектеп-интернаттың меңгерушісі

  • Category: Нұсқаулық
  • Published on Friday, 24 January 2020 12:34
  • Written by Administrator
  • Hits: 4365

Қанафина Жанат Балташқызы
Білімі: П Павлодар педагогикалық институты, Математика және физика мұғалімі
Жұмыс өтілі:
Жалпы- 32
Педагогикалық - 32
Марапаттары, атақтары, ғылыми атақтары мен дәрежелері:
Байланыс тел. / факс: 512924
Мекен-жайы: Бектұров көшесі 1, 1 қабат
1964 жылы 16 желтоқсанда Павлодар облысы Лебяжі ауданында дүниеге келген. 1982-1987 ж. - Павлодар педагогикалық институты, мамандығы «Орта мектептің математика және физика мұғалімі».
1987-1990 ж.ж. - Павлодар ауданы Кеңес ЖОББМ математика және физика мұғалімі. 1990-2005 ж.-Павлодар қ. облыстық көмекші мектеп-интернатының мұғалімі, тәрбиешісі.
2005-2009 ж. - №6 ЖОМ математика мұғалімі, Павлодар қаласының «Балаларға арналған баспана» ММ тәрбиешісі.
2009-2009 ж.ж. – «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар үйі» ММ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
2009 ж. - 2019 ж. сәуір - Павлодар қаласының «Балаларға арналған баспана» КММ басшысы.
2019 ж. - Павлодар облысы білім беру басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы.
2017 ж. – «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары» тақырыбы бойынша курстық қайта даярлау.
Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Павлодар облысы білім беру басқармасының, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің дипломдарымен, алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Жөніндегі орынбасары, бастауыш және практикалық оқыту

  • Category: Нұсқаулық
  • Published on Friday, 24 January 2020 12:41
  • Written by Administrator
  • Hits: 8458
  

Қайыргелдіқызы Оркен
Біліктілігімен білімі:
Санаты: жоғары
Жұмыс өтілі:
жалпы –
Педагогикалық –
Марапаттары, атағы, оқу атағы мен дәрежесі:
Байланыс тел.: 629228
Мекенжайы: Торайғыров к-сі, 67
Жұмысы туралы мәлімет:

Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары (мектеп)

  • Category: Нұсқаулық
  • Published on Friday, 24 January 2020 12:33
  • Written by Administrator
  • Hits: 7796

Кунязова Айсулу Социаловна 
Білімі біліктілігімен:С. Торайғыров атындағы ПМУ, тарих, құқық негіздері,, экономика мұғалімі, тарих магистрі, кітапхана ісі магистрі.
Санаты: жоғары
Еңбек өтілі:
Жалпы- 
Педагогикалық- 
Марапаттары, атақтары, ғылыми атақтары мен дәрежелері:
Байланыс тел./факс: 511521
Мекенжайы: : Ак. Бектұров көшесі, 1, 222 каб (2 қабат)
1998-2001 ж. – Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі – бастауыш сынып мұғалімі;
2001-2004 ж. - С.Торайғыров атындағы ПМУ – тарих, құқық және экономика негіздері мұғалімі;
2006 -2007 ж.- С.Торайғыров атындағы ПМУ – тарих магистрі;
2014-2016 ж. – С.Торайғыров атындағы ПМУ – кітапхана ісі бойынша әлеуметтік білім магистрі;
2015 ж. – педагогикалық шеберлік орталығы филиалы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ облыстық білім басқармаларының, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқтады;
2016 ж. - Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мамандардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша курстар 160 академиялық сағат.
Сертификаттар: «Заманауи білім беру ресурстары және білім беру жүйесінің тиімділігі (2016)», «Орта білім беру жүйесіне робототехниканы енгізу ерекшеліктері (2016)», « XVI Сәтбаев оқулары (2016)», «Көптілділік – қазіргі қазақстандық мектептің әдістемелік ұстанымы», «Кітап. Уақыт. Қоғам», «ХХІ ғасыр кітапханасы: жаңа ақиқат, жаңашылдықтар», «Trendsand perspectives of school text book development: localand international experience 2014», «Лингводидактикадағы инновациялық тәсілдер: мәселелер, перспективалар, тәжірибе алмасу» (2017).
Сертификат 2015 ж. 5 қараша мен 13 қараша аралығында «Омбы аймақтық институты» ЖБ ЖБАКҰ-да «Кітапхана ісіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбы бойынша шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Алғыс хаттар - Павлодар облысы білім беру басқармасы (2016), «Өрлеу» БАҰО филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты (2014), (2016), Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты (2015), Павлодар облысы білім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы (2015).
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты (2015 ж.) славян мәдени орталығы (2015).
Алғыс хат – Ы. Алтынсарин атындағы ҰББА (2018), ҚР БҒМ (2018).
Газеттер мен журналдардағы жарияланымдары бар.

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі.
Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.